ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр

ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр

2023 жылғы қаңтардан бастап ТЖ қызметінің өкілдері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны қауіпті учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізуде.

Ертіс бассейндік инспекциясына 2023 жылғы су тасқынын апатсыз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ГТҚ барлық меншік иелеріне су қоймаларында бос резервтік сыйымдылықтар құру жөнінде қосымша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жолданды.

Өңірде облыстық маңызы бар тас жолдардағы 102 көпір мен 1503 су өткізу құбырларының су деңгейін тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

2022 жылы Глубокое, Күршім аудандарында су өткізу құбырлары орнатылды және жөнделді, "Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралиха" а/ж шағын көпірін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Күн сайын тас жолдардың 13 учаскесінде су өткізу құбырларын мұздан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар 62 су өткізу құрылыстарын, 80 шақырым арықтар мен каналдарды, 46 көпірді тазартты, 102 мың текше метр қар шығарылды. Жергілікті атқарушы органдар күн сайын қар шығару жұмыстарын жүргізеді.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша 10 қаңтарда Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында топырақтың қату тереңдігінің ең жоғары мәні байқалды және 77 см құрады.Облыстың жазық аумағының басым бөлігінде қар жамылғысындағы су қоры нормадан 3 есеге асып түсті: Катонқарағай, Күршім Көкпекті, Глубокое және Шемонаиха аудандарында.

Қар жамылғысының биіктігі 13 см-ден 116 см-ге дейін жетті.

Облыстың таулы аумағында қар қоры нормаға жақын, шығыста және оңтүстік-шығыста нормадан 20-25 пайызға жоғары.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ЖАО-ның, ШҚО ТЖД өкілдерінің, облыс бойынша су тасқыны қауіпті учаскелер мен гидротехникалық құрылыстардың баланс ұстаушыларының қатысуымен жұмыс топтарының көзбен шолып тексерулері жоспарланған. Бұл тәжірибе су тасқыны қаупі бар кезеңде елді мекендердің "әлсіз жерлерін" алдын ала анықтауға мүмкіндік береді, олар бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында су тасқынына бейім 71 елді мекен бар, 15 елді мекенде қауіп жойылды және 46 елді мекенде азайтылды.

Су тасқыны қаупі төнген кезеңде жедел ден қою үшін жеке құрамның 1764 адамы, 217 тасымалданатын және 18 тіркемелі мотопомпалар, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 60 жүзу құралдары, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің 700-ден астам техникасы жұмылдырылады деп жоспарлануда. Қаптарды, инертті материалдарды және жанар-жағармай материалдарын дайындау жүргізілуде.

Ықтимал ТЖ кезінде эвакуацияланатын халықты орналастыру 124 пунктте жүзеге асырылады.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі