
«Крещение Господне» православиелік мерекесі қарсаңында Алматылық Епархия Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, 9 суға шомылатын орын белгіледі, онда купелдер жабдықталып, орнатылады:
Алатау ауданы:
Алмалы ауданы:
Әуезов ауданы:
Жетісу ауданы:
Медеу ауданы:
Түрксіб ауданы:
Судағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мыналарды ұсынады:
- арнайы белгіленбеген жерлерде өз бетімен, бейберекет суға шомылмауға;
- алкогольді ішімдік ішіп мас күйінде суға түспеуге;
- ашық алаңда /мұзда/ купелдің жанында 3 адамнан артық тұрмауға;
- шомылудың алдында әр түрлі қимылдар жасап жүгіріп, денені жылытуға;
-құтқарушылар мен дәрігерлердің қатысуымен шомылуға;
- шомылып болғаннан кейін денені түкті орамалмен сүртуге және құрғақ киім киіп, жылы шай ішуге кеңес береді.
Ұзақ уақыт суық суда болсаңыз, дененің мұздап және тартылып қалатынын, сондай-ақ, суық суға бірден түскен кезде жүрек жеткіліксіздігінің дамуы ықтимал екендігін есте сақтаңыз.
Аталған суға шомылу орындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Алматы қаласы ТЖД, Полиция Департаменті, Республикалық жедел құтқару жасағы, Алматы қаласының құтқару қызметі, Апаттар медицина орталығы және медицина қызметкерлерімен жалпы саны 320 адам және 45 бірлік техника жұмылдырылып кезекшілік ұйымдастырылатын болады.
Бұл ретте қалған су қоймаларына, тоғандарға және таулы өзендерге (Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы, Ақсай, Есентай) шомылуға тыйым салынады. Қазіргі уақытта бұл су қоймалары мұзбен жабылған, тау өзендеріне жақындау өте тайғақ, су ағып жатқан кезде сіз сырғанап құлап, әртүрлі сынықтар мен жарақаттар аласыз. Мұз астындағы өзендердің ағыны өте күшті, тепе-теңдік бұзылып, құлап қалған адамды ағызып алып кетуі мүмкін.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі