
Жыл сайын 19 қаңтарда христиан православтарының «Крещение Господне» діни мейрамы атап өтіледі.
2023 жылғы 17 қаңтарда Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының орынбасары полковник Ержанов Аскат Амангелдіұлының төрағалығымен діни мерекені қауіпсіз өткізу бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңеске Атырау облысы полиция департаментінің, Атырау қаласы әкімдігінің, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, Ішкі саясат басқармасы және Успен соборының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында тартылатын күштер мен құралдардың саны бойынша мәселелер нақтыланды, шомылуды ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар тағайындалды.
Ұйымдастырушылардың негізгі міндеті - шомылу кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
"Шомылу орындарында мұз ойықтары қоршаулармен жабдықталады, жарықпен қамтамасыз етіледі, киім ауыстыратын орындар мен жылыту пункттерін орнату жүзеге асырылатын болады. Департаменттің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шомылу орындарында мұз ойықтарының түбін қарап, қалдық заттардан тазартады. Дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін шомылуға арналған орындарды пайдалануға дайындығын айқындау мақсатында, комиссиялық тексеруден өтеді. Төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін 10 сүңгуірлік құрал-жабдықтар жиынтығы, 42 құтқару кеудешесі, 8 құтқару шеңбері және 8 бірлік автотехника дайындалды", - деп Департамент бастығының орынбасары полковник А. Ержанов атап өтті.
Жаппай шомылу орындарында Атырау облысы ТЖД және ПД қызметкерлерінің күшейтілген режимде тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында азаматтардың жаппай шомылу орнына "Апаттар медицинасы орталығы" ММ және жедел-жәрдем қызметкерлері тартылатын болады.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, Атырау облысы ТЖД ескертеді: тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде мұз ойығына түсу өміріңізге қауіпті!
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы