«Крещение Господне» мерекесін Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары 19 қаңтарда атап өтеді. Шымкенттегі Крещение Господне мерекесі кезінде қала тұрғындары Қошқар ата өзенінің бастауында суға түседі. Қала бойынша ресми түрде бір орын белгіленген. Осыған орай, Шымкент қ. ТЖ департаментінің қызметкерлері халыққа су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау туралы ескертудеді. Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін, балаларға, бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға, егде жастағы адамдарға, денсаулығы нашар адамдарға шомылуға қатысуға болмайды, сондай-ақ ішімдік ішкен адамдарға қауіпті екенін ұмытпаңыздар.
ТЖ мамандары қауіпсіздік ережелерін айта отырып, жаднамаларды таратты.
Мына сақтық шараларын еске саламыз: мұздай суық суға сүңгіген сәтте адамның ағзасына қатты ауыртпалық түседі, орта температураның күрт өзгеруі салдарынан адамның тынысы мен жүрегі тоқтап, қан жолдары тарылып қалуы мүмкін, адамның талып қалуы да әбден ықтимал. Ал суда талып қалу дегеніміз – 3-5 минуттың ішінде құтқару шараларын жасамаған жағдайда, адам бірден көз жұмады. Жабдықталмаған мұз ойығында шомылу кезінде су ағынымен адамды мұз астына алып кетуі мүмкін. Суға шомылу рәсіміне қатысуға бел буған азаматтар тек белгіленген, арнайы құрылғылармен қамтамасыз етілген, көмек қажет болғанда қол ұшын беретін арнайы мамандары бар орындарда ғана суға түсуі қажет.
Құрметті қала тұрғындары қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы