Тентек пен Айя балаларға қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді

Тентек пен Айя балаларға қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді

Шығыс Қазақстанның құтқарушылары балаларға арналған кезекті нұсқаулық мультфильмді таныстырды.

ШҚО ТЖД    қызметкерлері өздерінің бұрын жасалған мультфильмдерінде атап өткен кейіпкерлер Тентек және Айя  бұл жолы қыс мезгілінде қауіпсіздік шараларын бұзу қаншалықты қауіпті екенін айтты. Тіл алмайтын Тентек сырғанақ теуіп, қармен ойнайды, әрине ол қауіпсіздік туралы қаперге де алмайды. Тентекті жөнге салу үшін әрқашан оның досы Айяның қасында және оның кеңестері мен ұсыныстары қысқы демалысты жарақатсыз өткізу үшін мұқият тыңдау керек. 

«Кейіпкерлер, қарапайым қыздар мен ұлдар арқылы ережелер кітабын беру идеясы тамыр жайып, күшіне енді. Балалар ересектердің іш пыстыратын дәрістерін ерекше ұнатпайды. Сондықтан, біз өздеріне қол жетімді және түсінікті балалар тілінде құрдастар ережелерді бұзу қиыншылыққа ұшырауы мүмкін мысалдар келтіретін жолмен жүрдік. Содан кейін қарапайым және түсінікті нұсқаулар», - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов атап өтті.

Кең ауқымды профилактика, жүргізіліп жатқан акциялар, рейдтер, мультфильмдер және өскелең ұрпақпен жұмыстың арқасында ШҚО ТЖД қызметкерлері балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайларды азайта алды.

Бұл ШҚО құтқарушыларының жас батырлар:  Тентек пен  Айя балақайлар туралы үшінші мультфильмі. Бұған дейін өрт қауіпсіздігін сақтау, суда жүріс-тұрыс ережелері туралы әңгімелер жарияланған болатын.

Мәтіннің, монтаждың авторы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің қызметкерлері, ал мектеп оқушылары Тентек пен Айя кейіпкерлерінің дауысын дыбыстады. 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі