Көктемде мұз берік болып көрінгенмен, шын мәнінде ол әлсіз. Күн сәулесінің әсерінен мұз кеуекті және борпылдақ болады, өзінің берік қасиетінен айырылады. Өйткені, мұз кез-келген уақытта аяқ астында опырылып кетуі мүмкін. Бұл көктемгі мұздың қаупі. Алайда, қауіпке қарамастан, көптеген адамдар мұзға шығады. Бірінші кезекте балықшылар мен балалар.
Осыған байланысты ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға көктемде мұзға шығуды шектеуді және оны балаларға қатаң тыйым салуды ұсынады. Ата-аналарға балаларды бақылауды барынша күшейту, олардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Сонымен қатар көктемгі мұзда болу қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын сақтау қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі.
Мұз үстіндегі қауіпсіздік қағидалары:
Сонымен қатар, аң аулау және балық аулау маусымы басталғаннан бері қабылданып жатқан шараларға қарамастан (2019ж. 1 қазаннан 2020ж. 16 наурызға дейін), елдің су айдындарында (мұздарында) судағы (мұздағы) қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан 44 адам, оның ішінде 12 бала көз жұмды.
Адамдардың қаза болуының себептері: балық аулау және мұзда болу кезіндегі қағидаларды сақтамау болып табылады.
Аумақтық жағынан қарасақ, қаза болғандар Ақмола (5/0), СҚО (5/0), Атырау (5/3), Алматы (5/0), Қостанай (4/2), БҚО (4/2), ШҚО (4/0), Жамбыл (4/0), Алматы қ. (3/3), Түркістан (2/2), Қарағанды (2/0), Ақтөбе (1/0) облыстарындағы су айдындарда тіркелді.
Адамдардың қаза болуына жол бермеу және қысқы кезеңдегі су айдындарындағы (мұздағы) төтенше жағдайларға жедел ден қою ету үшін ТЖК алдын алу іс-шаралары кешенін жүргізеді. Балық аулау, бөлшек сауда орындарында (аңшылық дүкендері) аралау және рейдтер жүргізіледі, олардың барысында ТЖД қызметкерлері балықшыларға жадынамалар таратады, балық аулау кезінде суда (мұзда) жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша нұсқамалар жүргізеді. Еліміздің оқу орындарында (мектептерде) мұзда болған кезде қауіпсіздік шараларын оқушыларға жеткізу бойынша интерактивті сабақтар өткізіледі.
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі