Құтқарушылар мен дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болды

Құтқарушылар мен дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болды

Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округінде қол жетімділігі шектеулі жерде орналасқан Ашылы қыстауындағы науқасқа дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болды. Осы жерге тек жол талғамайтын техникамен ғана жетуге болатын еді. «КУНГ» автокөлігімен Шығыс Қазақстан облысы ТЖД 25-ӨСБ қызметкерлері «103» қызметінің екі дәрігерін жеткізді. Олар қыстақтағы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін құтқарушылар дәрігерлермен бірге науқасты жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі