
Шығыс Қазақстан құтқарушылары қолайсыз ауа райының тұтқыны болған тұрғындарға көмекке келді. Глубокое ауданындағы Волчиха ауылында 11 адам қала сыртындағы үйде болып, өңірде бір апта бойы жауған боран салдарынан өздігінен үйлеріне қайта алмаған. Көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын «Шерп» көлігімен келіп жетті. Барлық тұрғындар аман-есен үйлеріне жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады.
ШҚО ТЖД өңірдегі дауылдық ескерту сақталғанын еске салады. Елдімекеннен шығып, жетуі қиын орындарға барудан бас тарту қажет. Ауа райы жағдайы туралы уақтылы «Дармен» ұялы қосымшасынан біліңіз.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі