Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды

Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды

2023 жылғы 9 қаңтар күні сағат 07:30 Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жедел-жәрдем қызметінен тұрғындардың табиғи газдан улануы бойынша хабарлама келіп түсті.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның, атап айтқанда 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балаларының ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан газ кету салдарынан  табиғи газдан уланып, жедел-жәрдем қызметімен  облыстық балалар ауруханасына жеткізілгендігін анықтады.

Қазіргі таңда балалардың жағдайы бір қалыпты, олар үйлеріне жіберілді. 

Қазіргі уақытта уланудың себебі анықталуда. 

Құрметті Атырау облысы тұрғындары мен қонақтары!

Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар! Тұрмыстық заттарды, электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыздар!

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы