
14 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев, Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, «Қазавтожол» басшысы Ұлан Алипов, ТЖ комитетінің, Су ресурстары комитетінің, «Қазгидромет» РМК өкілдері елорданың шекара маңындағы аумақтарына бойлай ұшу жасады.
Ұшу су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу және көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау, азайту бойынша қажетті шараларды әзірлеу мақсатында жүргізілді.
Ұшу барысында Қосшы, Ильинка, Қажымұқан, Талапкер, Қоянды, Новомарковка елді мекендерінің аумақтарына, Вячеслав су қоймасына, Астаналық суреттегішке, сондай-ақ Нұра өзенінің арнасы бойынша Преображенск су торабына аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Ағымдағы жылдың қыс мезгілінде жауын-шашын мөлшері нормадан үш есе жоғары болса да, көзбен шолып қарау кезінде аумақтың көп бөлігінде қар еру процесі тұрақты, су төгілуінсіз жүріп жатқаны анықталды. Сонымен қатар, осы ұшу Вячеслав су қоймасы мен Астаналық суреттегіште су ағынын алдын ала есептеуге мүмкіндік берді.
Жерден тәулік бойы және жер серігі арқылы қашықтықтан зондтау арқылы мониторинг жүргізіледі.
Жалпы Ақмола, Қарағанды,Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жазық өзендерде тұрақты мұз қату байқалады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының өзендерінде кептелістің алдын алу мақсатында мұзды қопсыту бойынша жару жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 21 жару жұмысы жүргізілді.
Гидротехникалық құрылыстардан авариялық төгінділерді болдырмау үшін Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының су қоймаларында қажетті бос көлемдер жасау жалғасуда.
Жекелеген өңірлерде су тасқыны жағдайы ықтимал шиеленіскен жағдайда қосымша жіберу үшін азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының резервтік топтары дайындалды.
Су тасқыны жағдайы ықтимал шиеленіскен жағдайда жедел ден қою мақсатында ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының жалпы саны 9 мыңнан астам адам және 1 730 бірлік техника арнайы топтары құрылды.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі