Бүгін ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінде оқытудың жаңа қысқы оқу кезеңі басталды. Дәстүр бойынша оқу кезеңі жеке құрамның жауынгерлік даярлығының негізгі пәндерінің бірі болып табылатын мемлекеттік-құқықтық даярлық сабақтарынан басталды.
Мемлекеттік-құқықтық пәнінің бірінші сабағы «Қазақстан Республикасының Президенті-ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қ.Тоқаев, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау туралы» тақырыбында өтті. Бірінші сабақты әскери бөлімнің командирі майор Б. Кенбейлов жеке өзі өткізді. Сабақ барысында ол офицерлерге әлемдегі геосаяси өзгерістерді және олардың мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсерін жеткізді, ел басшылығы қабылдайтын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы түсіндірді, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы елдің негізгі кезеңдері мен жетістіктерін айтып берді.
Жаңа оқу кезеңінің ашылуына әскери бөлімнің әскери кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Қ. Бейсембаев шақырылды, онда ол бөлімнің жеке құрамын жаңа оқу кезеңінің ашылуымен құттықтап, оларға табыс тіледі. Бұдан әрі жеке құраммен әскери бөлімнің тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша практикалық сабақтар өткізілді, түрлі сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді, материалдық-техникалық базасы көрнекі көрсетілді.
28237 әскери бөлімі