Шығыс Қазақстанда азаматтардың хабарламаларын қабылдау үшін «Жедел желі» ашылды

Шығыс Қазақстанда азаматтардың хабарламаларын қабылдау үшін «Жедел желі» ашылды

Ауа-райының нашарлауына байланысты  (түтек боран, көктайғақ) ШҚО ТЖД-да шұғыл жағдайларға ден қоюы үшін жедел штаб құрылды. Азаматтардың хабарламаларын қабылдау үшін 55-38-19 нөмірі бойынша «қауырт желі» жұмыс істеп тұр.
Облыста уақытша жылыту үшін 10 пункт пен құтқарушылардың 700-ден астам техникасы дайын. Тұрғындарды ауа-райы жағдайының нашарлауы  туралы хабардар ету үшін СМС-хабарлама, сондай-ақ «Дармен» қосымшасы арқылы ақпарат таратылды.
Өңірде дауылды ескерту сақталуда. Қазіргі таңда автожолдың 8 учаскесі жабық.
1.​ ​ ​ Предгорное - Шемонаиха – РФ шекарасы
2.​ ​Герасимовка а.-Семей қ.
3.​ ​ ​ Калбатау – К.Кайсенов
4.​ ​ ​Тарғын-Самар
5.​ ​ ​ Абай обл. шекарасы – Шемонаиха
6.​ ​ ​ Шемонаиха – Секисовка
7.​ ​ ​ Шемонаиха – Үлкен өзен​ ​
8.​ ​ ​Өскемен- Таулы Үлбі- Северное
ШҚО ТЖД азаматтардан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, елдімекеннен тыс шығудан бас тартуды сұрайды.

Төтенше жағдай туралы 112-ге хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі