Жамбыл облысында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

Жамбыл облысында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

2023 ж. 4 қантарда сағат 9.30-дан 18.00-ге дейін облыстың  

2 ауданындағы (Жуалы, Қордай) Республикалық маңызы бар автожолдың 2 учаскесінде ТЖД күштерімен (7 қызметкер және 3 бірлік техника) қар құрсауында қалған 4 жеңіл автокөліктен 13 адам құтқарылды және жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді, оның ішінде 3-уі балалар (медициналық көмек қажет болмады) екендігін атап өткен жөн.

2023 ж. 4 қантарда сағат 21:35-те Жуалы ауданында, "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж 581 км-де ТЖД күшімен (3 қызметкер және 1 бірлік техника) ақауы салдарынан жолда қалған жолаушылар автобусынан жақын маңдағы кафеге 13 адам эвакуацияланды (медициналық көмекті қажет етпеді).

2023 ж. 5 қантарда сағат 3:50-де Сарысу ауданы, "Жаңатас-Қаратау" а/ж 130 км, ТЖД күшімен (12 қызметкер және 2 бірлік техника) техникалық ақауы бар жолаушылар автобусынан жақын маңдағы елді мекенге 11 адам эвакуацияланды (медициналық көмекке мұқтаж емес).

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі