Абай облысында құтқару жұмыстары жүргізілуде

Абай облысында құтқару жұмыстары жүргізілуде

Сағат 12:04-те "112" пультіне Аягөз ауданында Аягөз-Үржар тас жолының 40 шақырымында 60 адамды эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. 

№13 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының 4 адамы "Вахта" өтімділігі жоғары техникасымен дереу оқиға орнына жіберілді.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 2 МТЛБ және жол талғамайтын камазда жолға шықты.

Инженерлік техниканың қары орнына келгеннен кейін тазартылды. 

Үржар ауданы ТЖБ қызметкерлерінің соңынан 10 машинадан тұратын лек Алматы-Өскемен трассасының 92 км бағытына, сондай-ақ Аягөз қаласы бағытына өтімділігі жоғары КУНГпен (вахта) 41 адам және 10 бірлік машина шықты. 2 жүргізуші эвакуациядан бас тартып, жол бойындағы "Еркебұлан 3" кафесінде қалды.

Кейін бірінші лек сағат 22:10-да Аягөз қаласына келді, 31 адам БЖСМ ғимаратына орналастырылды, 10 адам туыстарына орналастырылды. 

Құрамында 31 жеңіл автокөлік, 1 газель, 2 фура және 1 коммерциялық автобус бар екінші лек Алматы-Өскемен тас жолынан сағат 03:50-де Аягөз қаласына 130-дан астам адам келді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, автобустағылар Аягөз қаласының БЖСМ-де орналастырылды, бір бөлігі туыстарына кетті.

Абай облысының баспасөз қызметі