Жоғалған адамды іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды

Жоғалған адамды іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды

2023 жылғы 4 қаңтар күні сағат 17:00-де Атырау облысы ТЖД құтқарушылары және аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Құрманғазы ауданында жоғалған азамат Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінен 3 км қашықтықта орналасқан Шортанбай ауылынан аман – есен табылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Көптоғай ауылының тұрғыны 1972 ж.т. азамат 2023 жылдың 1 қаңтар күні  үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған болатын. 

Құтқарушылар, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындардың күшімен іздестіру-құтқару жұмыстары 2 күнге жалғасқан болатын. 

Табылған азамат медициналық көмекті қажет етпеді. Денсаулығы қалыпты.  Белгілі болғандай, жәбірленуші психологиялық диспансерде есепте тұр.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен техникасы, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылған. 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы