
5 Қаңтарда 09:00 сағатта жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, екпінді жел) барлық бағыттар бойынша қозғалыс жабық.
Бекеттерде 596 бірлік техника қозғалысы тоқтатылды, онда 1784 адам, негізгі саны Балқаш қаласында шоғырланған.
Өткен тәулікте 2 іздестіру-құтқару және 21 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, оның барысында 105 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 18 бала, 11 бірлік техника босатылды.
Барлығы 309 адам эвакуацияланып құтқарылды, оның ішінде 61 бала,
91 бірлік техника босатылды.
Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланды.
Ұсынамыз:
- елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
- жабық жерлерде жолдарда көлік кептелісін жасамау;
- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде болыңыз.
Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ұсынылады.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі