
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдардың бірнеше бөлігінде көлік қозғалысы шектетілді.
Жергілікті атқарушы органдардың, жол ұйымдарының күшімен жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Авариялық-құтқару жұмыстары Балқаш қаласы Ақсу-Аюлы ауылы тас жолында жүргізілуде.
Жалпы, іздеу-құтқару және жол жұмыстарына
ТЖД 25 адам мен 8 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдар – 27 адам мен 14 бірлік
техника, полиция – 36 адам мен 18 бірлік техника, жол қызметі – 138 адам және 92 бірлік техника жұмылдырылды.
Облыс бойынша барлығы 102 адам эвакуацияланып, құтқарылды, оның ішінде 30 бала және 43 бірлік техника шығарылды.
Жағдай бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі