ТЖМ қызметкерлері мен ардагерлері «Мейірімділік-М» Қайырымдылық ұйымы» Қоғамдық қорының тәрбиеленушілерін жаңа жылмен құттықтады

ТЖМ қызметкерлері мен ардагерлері «Мейірімділік-М» Қайырымдылық ұйымы» Қоғамдық қорының тәрбиеленушілерін жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жыл ғажайыптар мен армандардың орындалатын кезі. Жер бетіндегі барлық балалар осынау ғажайып мереке мен сиқырды асыға күтеді.

Жаңа жыл қарсаңында ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға сыйлық табыстау біздің Министрлігіміздің дәстүріне айналды.

Министрлігіміз Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер ұйымымен бірлесіп, «Мейірімділік-М» Қайырымдылық ұйымы» Қоғамдық қорының тәрбиеленушілеріне жұмсақ ойыншығы бар «Kinder» жаңа жылдық жиынтықтарын сыйлыққа алды.

Сыйлықтар балаларға «Сарыарқа» Сауда және ойын-сауық орталығында өткізілген «Ғажайып жаңа жыл!» акциясы аясында табысталды. 

 

Кадр саясаты департаменті