ҚР ТЖ министрі Ю.В. Ильиннің жаңа жылдық құттықтауы

ҚР ТЖ министрі Ю.В. Ильиннің жаңа жылдық құттықтауы

Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлері, қызметкерлері, волонтерлер!

 

Сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен 2022 жылы ТЖМ қызметкерлері төтенше жағдайлардың алдын алып, оларды жоюға бар күшін салды. Еліміздің әрбір тұрғынына қауіпсіздікті сақтап, өздеріне және айналасындағыларға қамқорлық жасау қажеттігін түсіндірді. Министрліктің алдында тұрған міндеттерді іске асыруға бізге билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың, басқа да ведомстволардың өкілдері көмектесті.

Бүгінгі таңда қазақстандық құтқарушылардың еркі мен табандылығы ешкімге күмән тудырмайды. Біздің ортақ мақсатымыз – Отанға қызмет ету. Еліміздің жетістігі әркімнің тиімді еңбегі мен қол жеткізген нәтижелерге байланысты.

2022 жылды шығарып сала отырып, мен әріптестеріме олардың еңбегі, кәсібилігі, тапсырмаларды сапалы орындағаны, батылдығы мен қайсарлығы үшін алғыс айтқым келеді. Қызметкерлердің барлығы бірдей жаңа жылды туыстарымен қарсы ала алмайды, сол күні ТЖМ қызметкерлерінің көпшілігі кезекшілікте болады, олар кез-келген уақытта мұқтаж адамдарға көмекке келуге дайын. Сондықтан менің құтқарушыларға қамқорлық танытып, көңіл бөліп отырған олардың отбасыларына деген алғысым ерекше.

Келесі жылы отбасымыз аман, жылулық пен мейірімділікке толы болсын.

Жаңа 2023 жылмен құттықтаймын!