«112» телебағдарламасы

«112» телебағдарламасы

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен «Ертіс-ТВ» облыстық теледидары арасындағы қол жеткізілген келісімнің нәтижесінде 2022 жылдың мамыр айында халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға және оқытуға бағытталған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Оның аясында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жүргізушілері болып табылатын «112» телебағдарламасы іске қосылды.

Мұнда, апта сайын тікелей эфирде халыққа облыс бойынша бір апта ішінде болған төтенше жағдайлар туралы ақпарат жеткізіледі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы түрлі ТЖ-дағы қауіпсіздік жөніндегі негізгі талаптар түсіндіріледі.

«112» телебағдарламасы жұмысын бастаған сәттен бері Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері эфирге 25 рет шықты.

 

 

 Павлодар облысы ТЖД