2022 жылғы 15 желтоқсанда Семей қаласында №1 ЖЭО мазут шаруашылығының отын беру күштік фидері істен шықты, осыған орай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімінің 40 әскери қызметшілері көмекке келді. Олар Семей қаласының инфрақұрылымдық нысандарында, тұрғын үйлерде жылуды сақтауға көмек көрсетті. Қазандық агрегаттарында сыну жойылғанға дейін, үзіліссіз екі ауысымда 40 тоннаға жуық көмір қолмен берілді.
2022 жылғы 22 желтоқсанда №1 ЖЭО көмек көрсету бойынша жұмыстардың орындалуын жоғары бағалай отыра, Семей қаласының әкімі 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне салтанатты түрде мақтау қағаздарын табыс етті.
68303 әскери бөлімі