
Қыс келуімен Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пункттерінің республика жолдарындағы жол-көлік оқиғаларына шығу жағдайлары, сондай-ақ автокөліктің сынуына байланысты жолаушыларды эвакуациялау жиілеп кетті.
Тек өткен аптада ғана трассалық медициналық-құтқару пункттерінің бригадалары 12 адамды, оның ішінде 9 Өзбекстан, 1 - Тәжікстан, 2 – Қазақстан азаматтарын эвакуациялады.
Мәселен, 2022 жылғы 21 қарашада Қарағанды облысының «Ақсу-Аюлы» ТМҚК қызметкерлері «Қайрат» дәмханасына бұзылған автокөліктен 2 адамды эвакуациялады.
2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 03 сағат 12 мин. «Шығанақ» трассалық пунктіне бортында жолаушылары бар Меркі-Бурылбайтал трассасында автобустың бұзылуы туралы ақпарат келіп түсті. Қатып қалған адамдарға көмек көрсетуге ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы шықты.
Барлық жолаушыларды дәрігерлер тексерді, 10 адам «Айғаным» дәмханасына эвакуацияланды.
2022 жылдың қысқы кезеңінің басынан бастап трассалық медициналық-құтқару пункттерінің шұғыл әрекет ету бригадаларының күшімен ақаулы автокөлік пен қар борауынан 75 адам эвакуацияланды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда авариялық-қауіпті жол учаскелерде ТЖМ бөлімшесі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті (ТМСК) қызмет көрсетеді.
ТМҚП жұмысын вахталық әдіс бойынша тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асыратын 5 қызметкерден (дәрігер, фельдшер, фельдшер диспетчер, құтқарушы және жүргізуші-құтқарушы) тұратын бригадалар жүзеге асырады.
Жол бойындағы пункттер қажетті техникалық мүлікпен және медициналық жабдықтармен жарақтандырылған, ал модульдік үй-жайлар мен реанимобильдер отандық өндірушілерден дайындалған және сатып алынған. Бұдан басқа, пункттер аумағында тікұшақ техникасын қонуға арналған орындар көзделген.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ