
2022 жылдың 21 желтоқсанында Жаңаарқа ауданының "Бірлік" шаруа қожалығынан 3 адам өрістегі малды іздеуге шықты. Олармен байланыс орнату мүмкін болмады. Сол күні кешкі сағат 20:30-да олардың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Сағат 22:20-да қыстаққа Жаңаарқа ауданының №6 ӨСБ №5 борты келді, құрамында 5 адам бар. ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін қыстақтан шаруа қожалығы қызметкерлерінің күшімен қойшылардың екеуі табылды. Қызметкерлердің айтуынша, адамдар зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.
Тағы бір шопанды іздеу жалғасып, сағат 00:15-те Жаңаарқа ауданы ТЖБ инженері байланысқа шығып, 3-ші қойшы Қараш қыстауының жанында табылғанын хабарлады. Ол "Бірлік" шаруа қожалығының орналасқан жеріне эвакуацияланды.
Ұлытау облысы ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде ауа райы жағдайымен танысуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі