Құтқарушылар биіктікте қалып қойған туристерге көмекке келді

Құтқарушылар биіктікте қалып қойған туристерге көмекке келді

Мұндай оқу-жаттығу аңызы Шығыс Қазақстанда пысықталды. Туристерді қауіпсіздік негіздеріне оқыту үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары демалыс базаларының бірінде практикалық сабақтар өткізді. Аңыз бойынша, екі сноубордшы техникалық ақаулыққа байланысты тоқтап қалған шаңғы көтергіште биіктікте қалып қойды. ТЖ қызметінің қызметкерлері жедел көмекке келді. Олар альпинистік жабдықтың көмегімен мұздап, тоңып қалған туристерге жетіп, оларды жерге түсірді. Оларды базаның жылы бөлмесінде қарап, тексеріп ыстық шай берді. 

ШҚО ТЖД қызметкерлері демалушыларға қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін және үсік шалмау және қар көшкініне түспеу үшін ТЖ қызметтері келгенге дейінгі іс-қимылдарды үйретті.  

Өңірде нысандар мен адамдардың өміріне қауіп төндіретін барлығы 325 көшкін қаупі бар ошақтар анықталды. Таулы, күрделі маршруттар туристер арасында ерекше сұранысқа ие. Азаматтардың қауіпсіздігін және автожолдарды қорғауды қамтамасыз ету үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары мен "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары "Алтай-Өскемен" және "Өскемен-Горная Үлбі-Северное" учаскелерінде көшкіндерді кәсіптік түсіруді жүргізді, облыста қысқы кезеңнің басында барлығы 16 рет қарды жасанды түсіру жүргізілді, жалпы көлемі 27290 текше метр қар массасы түсірілді. 

"Автожолдардың бұл учаскелерінде көлік көп. Бұл автожолдарында күн сайын жүздеген автомобильдер өтеді. Профилактикалық қар түсіру өтіп бара жатқан автокөліктердің және демалушылар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деп Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев түсіндіріп өтті.

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға, жауын-шашынның түсуіне және желдің күшеюіне байланысты 2022 жылғы 19-22 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкінінің өздігінен түсу қаупі сақталуда. 

"Тұрғындарға алдағы күндері тауға барудан бас тартуды ұсынамыз. Қар көшкіні қаупі бар ошақтардан өтіп бара жатқанда тоқтамай, қауіпті аймақтан тез өтіп кету керек. Қар жауғанда және қолайсыз ауа-райы кезінде тауға шықпаңыз. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса – барлық шұғыл қызметтерді ұялы телефоннан шақыру үшін "112" бірыңғай нөміріне хабарласу қажет,- деп ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушысы Дина Бексұлтанова атап өтті.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қаупі бар уақыт - бұл қалың қар жауғаннан кейін 3-5 күн ішінде, аяздан кейінгі жылымық және қатты жел екенін еске салады. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі