
21 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа-райының нашарлауына байланысты автожолдарда көлік қозғалысы жабылды.
Теміртау қаласынан 8 шақырым жерде сағат 23:55-те ТЖД қызметкерлері қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен төрт адамды құтқарды. Құтқарылған адамдар Теміртау қаласына жеткізілді.
Абай ауданындағы Сасықкөл көлінде балық аулап жүрген екі балықшы қар құрсауында қалды. Ер адамдар ТЖД күштерімен құтқарылып, Новодолинка ауылына жеткізілді.
Бұқар Жырау ауданында тағы екі балықшы құтқарылды. Балықшылардың көлігі Ащысу су қоймасы маңындағы қар көшкінінде қалып қойды.
Нұра ауданының Балықтыкөл ауылында ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен туыстарының күшімен 1980 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді, ол сағат 11:00-де мал іздеуге қарда жүргішпен шығып, оралмады. 22 желтоқсан күні сағат 04:19-да іздестіру тобы жоғалған адамды Балықтыкөл ауылынан 20 км қашықтықта тапты.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті облыс аумағында дауылды ескерту жарияланғанын еске салады!
Ауа-райының нашарлауы кезінде, әсіресе түнде ұзақ қашықтыққа сапарға және серуенге аса қажет болмаса шықпауға кеңес береміз. Сапар алдында көліктің техникалық жарамдылығын тексеріңіз, ауа райы болжамы мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалаңыз.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері бойынша 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына хабарласыңыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі