2022 жылдың 15 желтоқсан күні 52859 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен кешенді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорттық алаңында Қарағанды қаласының күш құрылымдары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында шағын футболдан ашық чемпионат өтті. Жарыстың негізгі мақсаты-күш құрылымдары арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын арттыру болып табылады.
Жарысқа Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Қарағанды облысының Полиция департаменті,оның ішінде “Жедел қимылдайтын арнайы жасақ командасы, ҚР Ұлттық ұланы, Қарағанды агротехникалық колледжі және 52859 әскери бөлімнің құрама командалары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалды. 52859 әскери бөлім командирінің қару-жарақ және техника жөніндегі орынбасары подполковник Төлегенов Айбек Алсайұлы жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.
Ойын өте тартысты өтті. Барлық команда ойыншылары өздерінің спорттық шеберліктерін көрсете білді. Нәтижесінде, жарыстың қорытындысы бойынша “Жедел қимылдайтын арнайы жасақ командасы жеңімпаз атанды, 2-ші орынды Қарағанды облысының Полиция департаментінің футболшылары иеленсе, Қарағанды Төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасы 3-ші орынды қанжығасына байлады.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен жене грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар Қарағанды Төтенше жағдайлар департаменті командасының мүшесі ойынның ең үздік шабуылшысы атанса, Қарағанды облысының Полиция департаменті командасының мүшесі үздік қақпашы атанып арнайы кубокпен марапатталды. Құттықтаймыз!
52859 әскери бөлімі