52859 әскери бөлімінде 107 жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады

52859 әскери бөлімінде 107 жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады

16 желтоқсан 52859 әскери бөлімінің саптық алаңында биыл қараша айында еліміздің Ақтөбе, Алматы облыстарынан және Алматы қаласынан Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге келген 107 жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады.

 Жеке құрамды құттықтау үшін   Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс комитетінің Әскери бөлімдер және әскери бөлімдер басқармасының бастығы полковник Бүркітбай Әрлен Бүркітбайұлы, әскери бөлімнің сарбаздар аналары кеңесінің төрайымы –Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі Фатеева Мария Дмитриевна, «Қарағандының Чернобыль мүгедектері» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы,Чернобыль апатының ардагері Ким Олег Леонидович,ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Бабаев Шамиль Шамси-Оглы және тағы басқа мәртебелі қонақтар келді.

Салтанатты іс-шара басында сөз алған 52859  әскери бөлімінің командирі подполковник Омаров Жанат Булатович және мәртебелі қонақтар жас сарбаздарға жалынды сөздерін арнап, жігерлерін жаныды.

Ант қабылдау рәсімінен кейін қонактардың назарына жас сарбаздардың орындауында саптық дайындықтан іс-қимылдары, сонымен қатар іздеу итін колдану арқылы құтқару іздеу тәсілдері, радиациялық, химиялық қорғау тобының шартты түрде төтенше жағдайдағы әрекеттері көрсетілді.

 

 

52859 әскери бөлімі