Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы құрметті ардагер Ильяс Хисмятович Якуповты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы құрметті ардагер Ильяс Хисмятович Якуповты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

Якупов Ильяс Хисмятович, 1952 жылы 19 желтоқсанда туылған, Ресей Федерациясының, Ульяновск облысы, Ново-Малоглин ауданы, орта Сантимир ауылының тумасы, 1983 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

         Төтенше жағдайлар органдарында қызметін 1973 жылы Алматы қаласы ІІБ №6 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі қызметінен бастады. 1977 жылдан 1997 жылға дейін әртүрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

     2005 жылдан 2013 жылға дейін еңбек сіңірген демалысқа шыққаннан кейін "Алматы қаласының өртке қарсы қызметінің ардагерлер кеңесі"ҚБ төрағасы болып жұмыс атқарды.

Ардагерлер ұйымының төрағасы ретінде Ұлы Отан соғысының зейнеткерлері мен ардагерлеріне қамқорлық көрсетіп, олардың әлеуметтік және материалдық жағдайына үлкен көңіл бөліп қамқорлық ім-шараларды атқарған.  

        Қиын жағдайларда зейнеткерлер мен төтенше жағдайлар органдарының ардагерлеріне материалдық көмек көрсетті.

        Осы күнге дейін Ілияс Хисмятұлы Якупов Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғамдық өміріне, ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің отырыстарына, сондай-ақ салтанатты іс-шараларға белсенді қатысады.

Ардагердің білімі мен тәжірибесімен бірнеше жаңадан қызметке түскен мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосып, олар өз кезегінде өз ісінің маманы болды. Іскерлік және таза адами қасиеттері үшін Департамент басшылығы, әріптестер ардагерлер мен зейнеткерлер  өз кезегінде лайықты құрмет көрсетеді.

Мінсіз қызметі  үшін Иляс Хисмятұлы Якупов бірнеше рет ведомстволық және мемлекеттік наградалармен: "За отвагу на пожаре" орденімен, "КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл" медалімен,  ВЛКСМ Құрмет белгісімен, I, II, III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталған.

Бүгін 70 жылдық мерейтойына байланысты Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Асаинов Самат Талғатұлы және Алматы қаласы ТЖД Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Шакалова Сәуле Амангелдіқызы ардагерді құттықтауға келді.

Құрметті Ілияс Хисмятович!  Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Осы қуанышты сәтте,  Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, туған балаларыңыз, немерелеріңіздің алдында қайғы - мұңды білмей, еркін жүзе беруіңізге тілектеспіз. Сізге Зор денсаулық тілейміз! Мерейтойыңызбен, 70- жылдығыңызбен!

Алматы қ. ТЖД Кадр саясаты басқармасы