
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қатысуымен семинар өтті.
Ведомство басшысы Нұрлан Еркебаев ТЖ қызметінің офицерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайту жөніндегі қызмет саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы айтып берді. Сондай-ақ офицерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы және этикалық мәдениеттің негіздерін түсіндіріп, қызметкерлер арасында профилактика жүргізді. ШҚО ТЖД қызметкерлері белсенді сұрақтар қойып, толық ақпарат алды.
Іс-шарада мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара іс-қимыл жасауға және осы маңызды бағытта жәрдем көрсетуге шешім қабылдады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі