ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының жанынан тәуелсіз ардагерлер ұйымы - Академияның Ардагерлер кеңесі құрылды.
2022 жылдың 17 желтоқсанында Академия ардагерлерінің бірінші жалпы жиналысы өтті. Кездесуді Академия бастығы полковник Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы ашып, ардагерлерді Академия үшін тарихи айтулы оқиғамен, Академияның ардагерлер кеңесінің құрылуымен құттықтап, жаңа қоғамдық бірлестіктің қызметіне табыс тілеп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Ардагерлер кеңесі жұмысының тиімділігі - алдымен, Академия ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету және олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысуы.
Кездесуге Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл да шақырылды. Ол өз кезегінде Академия ардагерлерін тәуелсіз ардагерлер ұйымының құрылуымен құттықтап, алдағы уақытта жиналғандарға қолдау көрсететінін және одан әрі жұмыс істейтінін айтты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Асылбеков С., Құсайынов А.Е., Румянцев Ю.В., Райымбеков Қ.Ж. және тексеру комиссиясына М.С.Омаров, ардагерлер М.М.Жармұханбетов, А.А.Ғабдуллин және Құсайынова А.Ж. сияқты ардагерлер сайланды.
Төралқа мүшелерінің дауыс беруі барысында Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктерінің құрметті ардагері, Ақмола облысы ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі Сапарғали Асылбеков Академияның ардагерлер кеңесінің төрағасы болып бірауыздан сайланды.
Айта кетейік, жаңадан сайланған Академия ардагерлер кеңесінің төрағасы, төралқа мүшелері, тексеру комиссиясы және кеңес хатшысы жалақысыз, қоғамдық негізде жұмыс істеуге келісті.
Академияның жаңа ардагерлер кеңесі қызметінің негізгі бағыттары Академия ардагерлері мен зейнеткерлерінің және олардың отбасыларының өмірінде туындайтын әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектесу, жастарды идеялық-патриоттық, эстетикалық және адамгершілікке тәрбиелеу болады.
Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық
қорғау академиясының баспасөз қызметі