Тұрғын үйдегі өрттен 20 адам эвакуацияланды

Тұрғын үйдегі өрттен 20 адам эвакуацияланды

19 желтоқсанда 101 кезекшісінің пультіне Ақтөбе қаласындағы пәтерде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келген соң үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында 3 ш.м. алаңда өрт шыққаны анықталды.

Өртті сөндіруге 18 адам және 5 бірлік техника күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Баспалдақ маршымен 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала. Құтқарушылар күшімен 4 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.

Ортақ күштермен өрт 01:08-де жойылды. Өрттің себебі әлі де анықталуда. Ақтөбе облысы ТЖД деректері бойынша құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт кезінде түтінді дәліздер немесе баспалдақтар арқылы эвакуациялануға тырысу қауіпті.

Төтенше жағдайда, түтінді бөлмелерден өту керек, алдымен тыныс алу жолдарын дымқыл шүберекпен жабу қажет.

Егер өрт пәтерден тыс жерде болса, онда ең сенімді нұсқа – өрт сөндірушілер келгенге дейін, пәтерден шықпай тұра тұру. Ол үшін алдыңғы есіктің саңылауларын дымқыл шүберекпен қымтау керек немесе есікке дымқыл көрпе іліп қою қажет. Бұл шаралар түтіннің алдын алуға көмектеседі.

Егер баспалдақ торында ашық жану болмаса да, онда түтіннің концентрациясы қалың болады, сол себепті сіз бәрібір көшеге шығып үлгермейсіз.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі