Жетісу облысында көлік қозғалысы кезінде автокөліктің өртенуі орын алды

Жетісу облысында көлік қозғалысы кезінде автокөліктің өртенуі орын алды

2022 жылғы 18 желтоқсанда Жетісу облысының Талдықорған қаласында саяжай үйінің аумағындағы 7 ш.м. алаңда "Фольксваген Транспортер" маркалы автомашинасы және 70 ш.м. алаңда шатыр өртеніп, нәтижесінде 1958 ж.т. үй иесі Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасына жатқызылып, 1-2 дәрежелі бет пен жеңіл дәрежелі қол күйігін алды. Өртке Жетісу облысының ТЖД жеке құрамнан 15 адам және 4 бірлік шықты техника. Осылайша, 08-50-де жалпы күш-жігермен өрт жойылды. Өрттің алдын-ала себебі-қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Жетісу облысы ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігін сақтауды еске салады. Қозғалыс кезінде автокөлік жанған кезде келесі әрекеттерді істеу қажет:

  • Автокөлікті тоқтатыныз;
  • Қозғалтқышты өшіріңіз;
  • Барлық жолаушыларды шығарыңыз;
  • Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ капотты ашпаңыз;
  • «101» немесе «112» телефон нөмірлері арқылы өртке қарсы қызметін шақырырыңыз;
  • Егер от кішігірім болса, автокөліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып отты сөндіруге тырысыңыз;
  • Қозғалтқыш бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде суды қолдаңбаңыз, себебі бұл электр сымдардың қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына жол беріп, жану көлемін ұлғайтуы мүмкін;
  • Егер жақын арада автөкөлік жана бастаса мүмкіндігінше өзіңіздің көлігінізді қауіпсіз жерге сүйреп апарыңыз.

Сіздің автокөлігініз қайғыға ұшырамауы үшін:

  • Автокөлігіңізге техниқалық қызметті уақытылы көрсетіңіз; 
  • Электр сымына назар аудара отырып, оның жөндеулі болуын үнемі қадағалыңыз.
  • Әрдайым өзіңізбен бірге көлікте өрт сөндіргіш алып жүріңіз, оны оңай қол жетімді жерде ұстаңыз. Тәжірибе көрсеткендей, автокөліктегі жануды сөндіруге көмірқышқыл өрт сөндіргіш ең тиімді болып табылады.

Автокөлікте өрттің шығу мүмкіндігін барынша азайту үшін автокөлікті техниқалық жарамды күйде ұстау, зауыт  нұсқаулығының талаптарына сәйкес пайдаланып қызмет көрсету, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі