Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай ТЖМ–нің 165 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай ТЖМ–нің 165 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды

2022 жылғы 15 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

ТЖ министрі Юрий Ильин құттықтау сөз сөйлеп, өткен жылдар ішінде елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі міндеттерді жоғары деңгейде шешуге қабілетті жедел ден қою жүйесі қалыптастырылғанын атап өтті.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты ТЖМ және оның бөлімшелерінің 165 қызметкері ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелері арасында волейбол, боулинг және жүзу бойынша спорттық жарыстар өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық орындар келесідей бөлінді:

Жалпы командалық ІІІ орын алғаны үшін диплом және кубокпен Төтенше жағдайларды жою департаментінің командасы марапатталады;

Жалпы командалық ІІ орын алғаны үшін диплом және кубокпен Жұмылдыру жұмысы, Қорғалған байланыс, Медициналық-психологиялық қызмет басқармалары мен Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің құрама командалары марапатталады;

Жалпы командалық І орын алғаны үшін диплом және кубокпен Кадр саясаты департаментінің командасы марапатталады.

 

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі