Жаңа Қазақстанның жүз жаңа есімі

Жаңа Қазақстанның жүз жаңа есімі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған басымдықтарды қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында ағымдағы жылғы тамыз айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты республикалық байқауы өткізілді.

Байқауға еліміздің барлық сала мамандары (Білім және ғылым, медицина, спорт және мәдениет, өнер, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, дарынды жастар, ауыл-шаруашылық, ақпарат, заң, есепшілер, құрылыс саласының мамандары, әскери және мемлекеттік қызметкерлер) қатысты. Байқаудың мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Байқау нәтижесінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департамнетінің Кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Ермағамбет Айдос Кеңесбекұлы және Ақмола облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Көкшетау қаласы №10 ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Серік Әділет Алтынбекұлы жүлделі орындарға ие болды.

Байқаудың марапаттау рәсімі: 2022 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайында өтті. Байқаудың кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылды. Байқау жеңімпаздары «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты энциклопедиясы мен «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» төсбелгі, куәлік және  құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

 

ҚР  ТЖМ Кадр саясаты департаменті