Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

2022 жылғы 12 желтоқсанда Түркістан облысының Сауран және Созақ аудандарындағы ықтимал су тасқыны мен сел жағдайларының тәуекелдерін бағалау мақсатында құтқарушылар мен әкімдік өкілдері Қазавиақұтқару тікұшағында 21 су қоймасы мен таулы аумақты айналып өтті.

Экология, геология және табиғи ресурстар және көзбен шолып қарау министрлігі Су ресурстары комитетінің Сырдария бассейндік инспекциясының деректеріне сәйкес Сауран ауданының 8 су қоймасының және Созақ ауданының аумағындағы 13 су қоймасының жай-күйі жарамды деп бағаланады және оларда көлемнің шамамен 20-25 пайызы жинақталған. Қаратау бөктерінде қардың жинақталған қоры 4-6 см құрайды.

Жыл басынан бері барлығы 13 аэровизуалды ұшу жүргізілді. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны қаупі бар кезеңде су қоймаларының гидротехникалық құрылыстарының жай-күйін және олардың жұмыс режимін тұрақты бақылауда ұстайды.

 

Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі