ҚР Ішкі істер министрі Е.Тургумбаевтың бұйрығымен Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып азаматтық қорғау полковнигі Аманбаев Марғұлан Топашұлы тағайындалды. Төтенше жағдайлар Комитетінің бірінші орынбасары Көлдіков Марат Мұхаметқалиұлы Ақтөбе облысы горнизонының жеке құрамына жаңа бастығын таныстырды.
Аманбаев Марғұлан Топашұлы 1973 жылы Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Дружба елді мекенінде дүниеге келген.
1995 жылы Жезқазған тау-техникалық институтын, 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өндірістік және азаматтық құрылыс» және «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Өртке қарсы қызмет органдарында 2000 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етуде. 2012 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарған.
2015 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы қызметін атқарған еді.
2016 жылдан 2020 жылғы ақпан айына дейін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Үйленген, 5 баланы тәрбиелеуде.
Жұмыста жеткен жетістіктері мен қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі