
2022 жылғы 2 желтоқсанда болатын іс-шара туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының м.а. Ерлан Әлібеков айтып өтті. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұрайды.
Ерлан Әлібеков осы жұмада сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетінін айтты. Ол жылына бір рет өткізіледі. Тоқсан сайын қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, биылдың өзінде 3,5 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындала бастағанын айтты. Мәселен, бүгіннен бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталады, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылады, ұсыныстар берілді.
«Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі», - деді Е.Әлібеков.
Сейсмикалық оқу-жаттығу бойынша негізгі жаттығу орны АДК сауда ойын-сауық кешені болып белгіленді, онда шатырлы лагерь, дала асханасы, тамақтану және азық-түлікпен қамтамасыз ететін пункттер, халықты уақытша орнластыру және тіркеу орындары өрістетіледі.
Төтенше жағдайлар департаментінің спикері азаматтық қорғау қызметінің барлық жеке құрамы адамдарды құтқару және эвакуациялау, қирандылардан зардап шеккендерді шығару, өртті сөндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша іс-шараларды іс жүзінде пысықтайтынын хабарлады.
Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, сондай-ақ ТЖ жағдайына дабыл дорбасын жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады.
Қалада баспанасыз қалған адамдар үшін барлық 384 қабылдау пункті орналастырылады.
Барлық білім беру, денсаулық сақтау және қалада көп адам шоғырланатын (ОСС, сауда орталығы, СҮ) эвакуациялау бойынша оқу элементтері әзірленеді, онда ТЖД қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетеді және жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» жадынамалары ұйымдастырады.
«Сейсмикалық жаттығу суық мезгілде жүргізіліп жатқандықтан, тұрғындарды жылы киініп эвакуациялануды сұраймыз. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындарды эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, авариялық чемодандарды дайындау», – дейді Е.Әлібеков.
Сондай-ақ ол қауіпсіз орындар электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық жерлер екенін түсіндірді.
Еске салайық, Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте қуаттылығы 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып табылады. Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп баллдық жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық жер сілкінісін күтумен байланысты емес.
Алматы ТЖД баспасөз қызметі