Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды

Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды

2022 жылғы 29 қарашада 112 пультіне Ащысай асуындағы Кентау-Шолаққорған автожолының 55 шақырымында көктайғаққа байланысты жолаушылары бар 2 жүк және 8 жеңіл автомобильден құралған кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖ орнына келген құтқарушылар 2 жүк және 8 жеңіл автокөлікті сүйреп алып шықты. 35 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Оларға медициналық көмек қажет емес еді.

Авариялық-құтқару операциясына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Түркістан облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырады. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі