
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Алматы қаласында бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт болды. Жалпы ауданы 40 ш.м. құраған өрт бесінші қабаттағы пәтердің балконына көшті. ТЖД күштерімен баспалдақ маршымен 20 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Бір сағаттан аз уақыт ішінде өрт жойылды. Нәтижесінде, орташа ауыр жағдайында улы газдан уланған мас күйінде болған 1970 жылы туған пәтердің иесі ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі әлі де анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы және Алматы қаласы ТЖД 10 бірлік техникасы қатысты.
Тұрмыстық өрттің тағы бір жағдайы Қарағанды облысында тіркелді.
Өткен күні таңғы сағат 4-те ең жақын өрт пунктіне дейінгі арақашықтық 105 км болатын Қарқаралы ауданының Айрық ауылының жеке тұрғын үйіндегі 60 ш.м. алаңда өрт болды. Өрт ТЖД Өртке қарсы қызметі келгенге дейін сөндірілді. Өрт орнында 1972 жылы туған жалдамалы жұмысшының күйіп кеткен мәйіті табылды.
ТЖМ еске салады: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз!
- Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз.
- Бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз.
- Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз.
- Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.
Өрт шыққан кезде не істеу керек?
* нақты мекен-жайы (көше атауы, үй нөмірі, кіреберіс, қабат);
* өрт ошағының орны (пәтер, дәліз, жертөле, шатыр);
* жағдай мен уақыт мүмкіндік берсе, кім қоңырау шалып жатқанын хабарлаңыз, телефон нөміріңізді айтыңыз және диспетчердің сұрақтарына жауап беріңіз;
* егер жаралылар мен зардап шеккендер болса, олардың саны мен алған жарақаттарының сипатын атаңыз;
* қажет болса, келу жолдарын түсіндіріңіз.
* Газды жабыңыз.
* Үй-жайды тоқтан ажыратыңыз.
* Адамдарды түтіндеген бөлмелерден сыртқа шығарыңыз.
* Терезелер мен есіктерді жабыңыз.
* Көршілерге өрттің таралу мүмкіндігі туралы хабарлаңыз. Әрекеттер дүрбелең тудырмауы керек.
* Адамдарды үй-жайлардан шығарып, ықтимал эвакуация туралы ескерту қажет. Егер кіреберісте автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылған болса-үйдің барлық тұрғындарына ескертуді тездету үшін оны іске қосыңыз.
Егер өрттің ауқымы өртті өздігінен басқаруға мүмкіндік берсе, өртті өз күшіңізбен сөндіруге тырысуға болады. Ол үшін қолда бар өрт сөндіру құралдарын пайдалану қажет: өрт сөндіргіштер, өрт крандары, су құбырынан су шашу, мақтадан жасалған көрпемен өрт ошағына ауаның кіруін тоқтатыңыз.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі