Ұлытау облысында «Қыс 2022» РКШО-ның бірінші күні өтті

Ұлытау облысында «Қыс 2022» РКШО-ның бірінші күні өтті

2022 жылғы 24-25 қараша аралығында республика аумағында "Қыс-2022"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.

Облыс әкімінің кіріспе және шешімдерін пысықтауға арналған оқу-жаттығуға басшылықтың облыстық штабы Ұлытау облысы ТЖД ғимаратында орналастырылды. Тәжірибелік бөлімді пысықтау "Ұлы Дала" гипермаркетінің аумағындағы Кеңгір ауылында өтті.

Жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері келесі іс-шараларды пысықтады:  азаматтық қорғаудың аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу режимін жоғары дайындық режиміне келтіру, қысқы кезең жағдайында ТЖ жоюға дайындық деңгейін және қабілетін айқындау; көлік магистральдары мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуін бұзу жағдайында бағынышты күштерді басқару бойынша азаматтық қорғау кіші жүйелерінің жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығы.

Жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін облыс әкімі ұйымдастыру нұсқаулығын бекітіп, қысқы кезеңде алға қойылған міндеттерді орындау үшін барлық азаматтық қорғау қызметтеріне жолдады.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың әртүрлі түрлерін жою бойынша практикалық іс-шаралар өтуде.

Бұл оқу-жаттығулар күштер мен құралдардың ықтимал төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюға және қыс мезгілінде зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетуге дайындығын тексеруге мүмкіндік береді.

 

 

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі