Тараз қаласында жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі тақырыбында флешмоб өткізілді

Тараз қаласында жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі тақырыбында флешмоб өткізілді

2022 жылғы 24 қарашада Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің Қалалық білім бөлімімен бірлесіп, қаладағы "Mart" сауда орталығында "Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі" және "Балалардың отпен ойнауы" тақырыбында "флешмоб"өткізді.

Іс-шараға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Жамбыл облысы әкімдігінің Қалалық білім бөлімінің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында ТЖ басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігін сақтау тақырыбындағы жаднамалар таратты. Сондай-ақ, Тараз қаласының мектептен тыс орталық жұмысының оқушылары, "Жас құтқарушы" клубының курсанттары мен Тараз мамандандырылған колледжінің 2-курс студенттері халықтың назарына сахналық қойылымдарды ұйымдастырды. ТЖ қызметкерлері қонақтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауда орталығына келушілерді алғашқы өрт сөндіру құралын қалай дұрыс пайдалану қажеттігі жөніндегі ережелермен таныстырды.

Өз кезегінде сауда орталығына келушілер аталған флешмобты ұйымдастырушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша өткізген шараны осындай жоғары деңгейде әрі қызықты етіп ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді. Айта кету керек, бұл іс-шара әлеуметтік желілерде онлайн форматта да халықтың назарына ұсынылды.

                                                                                     

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі