Жамбыл облысы"Қыс - 2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысуда

Жамбыл облысы"Қыс - 2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысуда

2022 жылдың 24-25 қарашасында Жамбыл облысы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің (АҚМЖ) басқару органдары мен күштерін даярлау мақсатында "Қыс - 2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысуда.

Көліктік магистральдар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысы  бұзылған жағдайда бағынысты күштерді басқару жөніндегі АҚМЖ салалық және аумақтық  жүйелерінің жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру үшін қысқы кезеңде туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық  жүйелерінің жұмыс атқару режимі  бойынша міндеттерді орындауға Жоғары дайындық режиміне ауыстырылды .

Сондай-ақ құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығы, АҚМЖ барлық деңгейлерінде жедел кезекшілікті ұйымдастыру, болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысы, бақылау жүргізу, материалды-техникалық, азық-түлік және медициналық қорларын жасақтау және азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға  дайындық деңгейі тексерілді.

Негізгі күш-жігерді бірінші кезекте адамдарды іздестіруге және құтқаруға, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетуге, қауіпті жерлерден жылыту пункттеріне, жақын маңдағы елді мекендерге және емдеу мекемелеріне эвакуациялауға шоғырландыруды ескере отырып, авариялық-құтқару және жедел атқарылуы тиіс жұмыстарды жүргізуге ерекше назар аударылды.

Тәжірибелік іс-шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілді .

Жамбыл облысы аумағындағы оқу-жаттығуларға Жергілікті атқарушы органдардың, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері, Жамбыл облысының экономика объектілері, Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары, ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің филиалы, "Қазселденқорғау" ММ филиалы қатысты - Жамбыл облыстық пайдалану басқармасы"," Өрт сөндіруші "және" Қазавиақұтқару " акционерлік қоғамдарының филиалдары, Жамбыл облысының полиция департаменті және оның құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері, Көліктегі ішкі істер басқармасы қатысуда.

 

Жамбыл облысы

ТЖД  баспасөз қызметы