2022 жылдың 16-24 қарашасы аралығында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында оқу бағдарламаларын әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің бейімделген жүйесін енгізу бойынша семинар-сабақтар өткізілді.
Оқытудың жаңа нысандарын енгізу азаматтық қорғау органдарының қызметкері ретінде тұлғаны қалыптастыру кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Семинар сабақтарына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің мамандары қатысты.
Семинар Академияның профессорлық-оқытушылар құрамын сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте қоғамдық сананы жаңғыртудың озық және тиімді әдістерін оқытуға бағытталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне оқыту процесінің реинжинирингі азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға негіз болады.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі