2022 жылғы 24-25 қараша аралығында елімізде «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығуды басқару штабы Қостанай қаласында (Қостанай облысы ТЖД Дағдарыс орталығының залы) орналасқан.
Оқу-жаттығудың мақсаты азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығуларға облыстық мемлекеттік органдардың жедел топтары, республикалық азаматтық қорғау қызметтері және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялары, құрылымдық және аумақтық органдар, авариялық-құтқару қызметтері және ТЖМ құралымдары қатысты.
«Қыс-2022» оқу-жаттығуы функционалдық міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға және азаматтық қорғау күштерін басқаруға дайындау жөніндегі мәселелерді пысықтаумен екі кезеңде өткізілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде ел өңірлерінде электр сиреналарын іске қосу арқылы хабарлау жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай ескерту сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылды.
Республика бойынша ТЖ жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, қысқы кезеңдегі ТЖ ден қою және жою бойынша авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің практикалық іс-қимылдары өткізілді.
Тиісті Азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезеңге дайындық бойынша алдын алу шараларының кешенін жүргізеді.
Осылайша, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариялық жағдайлар туындаған жағдайда 600-ден астам дербес электрмен жабдықтау көздері дайындалды. Қысқы кезеңге 14, 428 мың тонна көмір, 4,4 мың тонна дизель отыны, 1,3 мың тонна бензин, 125 мың текше метр инертті материал (құм, себу), 22,2 мың тонна техникалық тұз дайындау көзделген.
Жол қызметтері жолдардың неғұрлым қарлы учаскелерінде 140 мың метрден астам қардан қорғайтын қалқандар орнатып, 600 жылыту пункті жабдықтады.
57 мың км көлемінде жол жиегінен шөп шабу, 512 км еңістер мен резервтерде ағаштар мен бұталарды кесу жұмыстары жалғасуда, 4,3 мың дана көлемінде «Тайғақ жол», «Жылдамдықты шектеу» уақытша жол белгілері орнатылуда.
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары -Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен жалпы саны 37 мың адам және құтқару, қар тазалау, инженерлік және басқа да жоғары өтімді техниканың шамамен 13,5 мың бірлігі бар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының жиынтық республикалық топтамасын бекітілді.
Бағынысты күштерді басқару кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын пысықтау оқу-жаттығу жоспарына сәйкес жүргізілді. «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында айқындалған оқу мақсаттарына қол жеткізілді.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті. Республикалық оқу-жаттығулар штабының бастығы подполковник К.Н. Оразалин және Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Б.Т. Кәрімов министрліктер мен ведомстволардың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, «Қыс-2022»РКШО шеңберінде профилактикалық іс-шаралар өткізу жөніндегі жұмысы туралы айтып берді. Сондай-ақ Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңдегі ТЖ жоюға дайындығын атап өтті.
Қостанай облысы
ТЖД баспасөз қызметі