ТЖМ басшысы азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді

ТЖМ басшысы азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді

25 қарашада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин азаматтарды кезекті онлайн-қабылдауды өткізді.

Онлайн-қабылдау барысында Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кентіндегі Азаматтық қорғанысқа, төтенше жағдайларға, Павлодар облысы ЖҚС жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты бірқатар мәселелер келіп түсті.

Сонымен қатар, қызметкерді азаматтық қорғау органдарына жұмысқа қайта қабылдау туралы өтініш келіп түсті, мәселе оң шешілді.

Азаматтарға ұсыныстар мен түсініктемелер берілді. Қабылдау соңында ведомство басшысы ТЖМ жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі