Құтқарушылар қысқы кезеңде жолда адамдарды құтқару бойынша жаттығу өткізді

Құтқарушылар қысқы кезеңде жолда адамдарды құтқару бойынша жаттығу өткізді

Қонай шағын ауданындағы екінші оқу орнында құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және автомобиль жолында зардап шеккендерге көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар құтқару бөлімшелерінің іс-әрекеттерін нақты жағдайларға барынша жақындатуға тырысты.

Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша ауа-райының нашарлауы, қардың түсуі, желдің күшеюі және Алматы-Екатеринбург республикалық автожолының учаскесінде көктайғақтың пайда болуы нәтижесінде жеңіл автокөліктің жүргізушісі рульді басқара алмады, кюветке шығып, аударылып кетті.

Автокөліктің жүргізушісі майысып қалған көлікке қысылып қалып құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды.

Оның артынан 15 жолаушысы бар микроавтобус маневр жасап сырғып кетуінің салдарынан автожолдағы жолақты артымен бөгеп, ішінара автожолдан тыс жерге сырғанайды. Нәтижесінде 5 жеңіл автокөлік кептелісі пайда болды.

Төтенше жағдай туралы сигнал алғаннан кейін оқиға орнына шұғыл және авариялық-құтқару қызметтері келді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері оқиға орнын қоршап, жедел қызмет техникасының кедергісіз өтуі үшін автокөліктің қозғалысын реттеуді қамтамасыз етті. Әр топ өз әрекеттерін үйлесімді және жедел орындайды.

Бұғатталып қалған жеңіл көліктен ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен есіктің құлпын ашу жұмыстарын жүргіп, зардап шегушіні шығарып алады.

Содан кейін апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер тобы жұмысқа қосылды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізіледі. Жол-көлік оқиғасы болған жерге жолаушыларды жақын жердегі жылыту пунктіне эвакуациялау үшін «Вахтовка» жоғары өтімді автокөлігі келіп жетеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ҚФ қар тазалау техникасымен жолдың қарлы жер учаскесін тазарту жүргізіледі, содан кейін автомашиналар легі жақын елді мекенге дейін қозғалысын жалғастырады. Автожол учаскесіндегі қозғалыс қайта жанданды.

Оқу-жаттығуға қатысушылар қысқы кезеңде төтенше жағдай туындаған жағдайда кәсібилігін, өзара іс-қимылын және жедел ден қоюға дайындығын көрсетті.

 Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы