2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Атырау облысы «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбындағы «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысуда.
Оқу-жаттығудың мақсаты - басқару органдарының, күштер мен құралдардың қысқы кезеңде төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын тексеру.
Атырау облысы ТЖД Дағдарыс орталығында облыстық оқу-жаттығу штабы құрылды.
Департаментте «Қарғын-2002», «Төтенше жағдайды жою бойынша шешімдер қабылдау және іс-шараларды орындау» сигналы бойынша іс-шаралар пысықталуда.
Оқу-жаттығуға Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті, азаматтық қорғау облыстық қызметтерінің өкілдері, ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауданның ТЖ жөніндегі комиссиясы, азаматтық қорғаудың қалалық қызметтері, облыстың эвакуациялық қабылдау комиссиясы, облыстың шұғыл әрекет етудің жиынтық жасағы («Skype» байланыс арналары бойынша КШМ жылжымалы басқару пунктінде) қатысады.
24 қарашада Атырау қаласының «Салтанат сарайы» аумағында оқу-жаттығу аясында жедел әрекет ету жасағының дайындығы қаралды.
Оқу-жаттығу жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Қ. Нұртаев шұғыл әрекет ету қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығын тексерді.
Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник А. Ержанов жеке құрамның құрамына, жабдықтармен жабдықталуына ерекше назар аударды, кез келген жағдайда дайын болуды ескертті.
Негізгі оқу-жаттықтыру практикасы Жылой ауданында екі күн бойы өткізіледі.
Саптық байқауға барлығы 110 адам мен 44 техника қатысты.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы