Күннің екінші жартысында Қостанай қ. облыстық шұғыл әрекет ету жиынтық жасағы құрылды. Түрлі қызметтердің қызметкерлері республикалық оқу-жаттығулар штабының бастығы К.Н. Оразалиннің алдына толық жауынгерлік дайындықта: саны 131 адам және 46 бірлік техника келді. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы полковник Б. Т. Кәрімов жасақтың қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығы туралы баяндады.
Бұдан әрі оқу-жаттығу тақырыбына сәйкес «Қыс 2022» РКШОЖ дайындау және өткізу барысында Қонай шағын ауданының аумағында көпқабатты тұрғын үйдегі апатты жою бойынша практикалық іс-шаралар өткізілді.
Оқу-жаттығу аңызына сәйкес, Қонай тұрғын алабындағы 4 қабатты тұрғын үй сусыз және жылусыз қалды. Үйдің тұрғындары электр қуатын тұтынуды арттырды, бұл электр сымдарының қысқа тұйықталуына және пәтерлердің бірінде өртке әкелді. Электр қалқандарының өртенуі нәтижесінде үй токтан ажыратылды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.
Практикалық іс-шараның мақсатына жету үшін өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері үйдегі өртті жою, тұрғындарды эвакуациялау және жылжымалы жылыту пункттеріне орналастыру дағдыларын пысықтады.
Үйге электр және жылу беруді қалпына келтірмес бұрын, қаланың коммуналдық қызметтері газбен жабдықтау мен электр қуатын уақытша өшіріп, электр желілерін ауыстырып, су беруді тоқтатты. Авариялық және шұғыл жұмыстарды жүргізуге жедел ден қоюға дайындығын көрсетті.
Оқу-жаттығуға ТЖ департаментінің, Апаттар медицинасы орталығының, Қостанай облысының Полиция департаментінің, жедел медициналық көмектің, азаматтық қорғау қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық кәсіпорындардың құрылымдарының жедел-құтқару жасағының және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары тартылды. Тәжірибелік тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға барлығы 15 бірлік техника мен жеке құрамның 39 адамы жұмылдырылды.
Оқу-жаттығуға қатысушылар қысқы кезеңдегі төтенше жағдайды жоюға бағытталған күштер мен құралдардың іс-қимылдарының кәсібилігі мен үйлесімділігін көрсетті. ТАОЖ іс-қимылдарды теориялық және практикалық пысықтау азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының кәсіби дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы