
2022 жылғы 24 қарашада Шығыс Қазақстанда «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Құтқарушылар мен азаматтық қорғау күштері үшін оқу-жаттығулардың басты мақсаты бірінші кезекте азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңде туындаған төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, қыста аймақтың климаты өте күрделі: төменгі ауа температурасы, боран, 137 қар басатын және 325 қар көшкіні қаупі бар учаскелер.
«Қыс-2022» барысында ШҚО ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды. Облыстық азаматтық қорғау кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлыққа келтіру, сондай - ақ қысқы кезеңнің күрделі метеорологиялық жағдайы және құтқару және авариялық шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері жағдайында зардаптарды жоюға шешім қабылдау тексерілді», - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов атап өтті.
Оқу-жаттығу аңызы бойынша суық сумен жабдықтау магистральдық құбырында сыртқы ауа температурасы -37оС жағдайында жарылыс болды. Суық сумен жабдықтаусыз 1 343 абонент және «Өскемен жылу желілері» АҚ Сол жағалау қазандығы қалды, бұл Меновное шағын ауданын үздіксіз жылумен жабдықтау қаупін тудырды. Қаланың ТЖБ мамандары құрамындағы жедел топ жағдайды бағалап, ТЖ ауқымы мен аймағын анықтайды, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті күштер мен құралдарды есептейді. «Өскемен-Водоканал» МКК шұғыл әрекет етудің авариялық-техникалық бригадасы жергілікті жерге келіп, жер үстіндегі жұмыстары мен құбыр учаскесін ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, суық сумен жабдықтаусыз қалған халыққа ауыз суын жеткізу, сондай-ақ тұтынушыларды жылумен үздіксіз жабдықтау үшін Сол жағалау қазандығының аккумуляторлық сыйымдылықтарын кепілдікпен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
«Мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын бүкіл Қазақстан бойынша өтеді. Қорытындысы бойынша іс-қимылдарға талдау жасалады, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығына баға беріледі, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалады», - деп Арман Тоқанов атап өтті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі