ТЖМ делегациясы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Атқарушы кеңестің 55-ші және Бас Ассамблеясының 25-ші сессияларына қатысты

ТЖМ делегациясы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Атқарушы кеңестің 55-ші және Бас Ассамблеясының 25-ші сессияларына қатысты

2022 жылғы 22-24 қараша аралығында Әбу-Даби қаласында (БАӘ) Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Атқарушы кеңестің 55-ші және Бас Ассамблеясының 25-ші сессиялары өтіп жатыр, оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан бірінші вице-министр, генерал-майор И. Д. Күлшімбаев және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы А. Ә. Кәріпбаев қатысады.

Бірінші вице-министр И. Д. Күлшімбаев Атқарушы Кеңесінің сессиясында 2022 жылы ХАҚҰ-мен ынтымақтастық бойынша атқарылған жұмыс туралы сөз сөйледі, ХАҚҰ-ға және Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығына ағымдағы жылдың қыркүйекте Қазақстанда «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигоны базасында өткізілген Орталық Азия елдерінің кинологиялық қызметтеріне мастер-тренинг туралы алғысын білдірді үшін, сондай-ақ Сербияда, Ресейде және БАӘ-де құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді даярлау үшін өткен ХАҚҰ курстарында Қазақстан ТЖМ қызметкерлерін оқытудың тиімділігін атап өтті.

Қазақстан 1997 жылдан бастап ХАҚҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады.

ХАҚҰ мақсаты - азаматтық халықты қорғауға, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы апаттар болған жағдайда мүлік пен қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз етуге арналған ұлттық құрылымдардың дамуына жәрдемдесу болып табылатын үкіметаралық ұйым болып табылады, оның құрамына 60 мүше мемлекет кіреді.